Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидалары (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы№ 138 бұйрығына 2-қосымша) (2020.27.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

міндетін атқарушының

2018 жылғы 29 наурыздағы

№ 138 бұйрығына

2-қосымша

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-210/2020 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019.06.03. № ҚР ДСМ-6 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы

субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу

қағидалары

(2020.27.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019.06.03. № ҚР ДСМ-6 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық қызметтер құнын төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі - Денсаулық туралы кодекс) 25-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы субъектілерге (бұдан әрі - субъектілер) фармацевтикалық қызметтер құнын төлеу тәртібін айқындайды.

2. Субъектілерге фармацевтикалық қызметтер құнын төлеуді Денсаулық туралы кодекстің 25-бабының 4-тармағына сәйкес әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры немесе бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүзеге асырады.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.06.10. № ҚР ДСМ-24 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.06.03. № ҚР ДСМ-6 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.