«Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 8 қаңтардағы № 3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 31 шілдедегі № 687 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 8 қаңтардағы № 3 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) Ақтөбе облысында Ақтөбе қаласының оңтүстік бөлігіндегі «Оңтүстік айналма жол» айналма тасжолының бойында Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайын, сондай-ақ Ақтөбе облысы Алға, Байғанин, Мұғалжар және Хромтау аудандарындағы қосалқы аймақтарды қоса алғанда, 1610 гектар аумақта осы Ережеге қосымшаға сәйкес шекарада орналасқан.
АЭА порттық арнайы экономикалық аймақ болып табылады.
АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.»;
ережеге қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Орыс тіліндегі мәтін алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 31 шілдедегі
№ 687 қаулысына
1-қосымша
«Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағы
туралы ережеге
1-қосымша
«Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары