«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 20 тамыздағы № 325 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 236 бұйрығы
ҚР Энергетика министрінің 2026 жылғы 30 шілдедегі № 289-н/қ бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 20 тамыздағы № 325 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17394 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Энергетика министрлігінің Персоналды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты қабылдаған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Министр | А. Сәтқалиев |
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2023 жылғы 22 маусымдағы