Мәдениет және өнер саласындағы техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдары қызметінің қағидалары (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 77 бұйрығына 2-қосымша) (2026.13.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026.27.08. № 413-НҚ бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2026 ж. 13 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрінің

2015 жылғы 27 ақпандағы

№ 77 бұйрығына

2-қосымша

 

 

Мәдениет және өнер саласындағы техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдары қызметінің

қағидалары

(2026.13.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы мәдениет және өнер саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 23-4) тармақшасына сәйкес әзірленген және мәдениет және өнер саласындағы техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарының қызмет тәртібін айқындайды.

2. Мәдениет және өнер саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі - ТжКББ) негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары (жоғары кәсіптік) білім беру базасында, училищелерде және колледждерде алынады.

3. ТжКББ ұйымдарының негізгі мiндеттері:

1) мәдениет және өнер саласында болашақ маманның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

2) білім алушылармен кәсіби бағдарлану жұмыстарын қамтамасыз ету;

3) білімге негізделген қоғамда әркімге өз жеке қабілетін максималды түрде қолдануға көмектесу үшін, өнер мен мәдениет мекемелерінде теориялық оқыту және кәсіби практика арасындағы байланыспен қамтамасыз ететін оқыту жүйесін дамыту;

4) кәсіптік білім берудің қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне уақытында бейімделуіне ықпал ететін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.