«Мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдары қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 77 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026 жылғы 27 тамыздағы № 413-НҚ бұйрығы

«Мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдары қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 77 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026 жылғы 27 тамыздағы № 413-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдары қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10921 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 23-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақта:

1), 2), 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Мәдениет және өнер саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің қағидалары;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Мәдениет және өнер саласындағы техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдары қызметінің қағидалары;

3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Мәдениет және өнер саласындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттар қызметінің қағидалары.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мәдениет және өнер саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мәдениет және өнер саласындағы техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдары қызметінің қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мәдениет және өнер саласындағы республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат білім беру ұйымдары қызметінің қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.