Мәдениет және өнер саласындағы республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат білім беру ұйымдары қызметінің қағидалары (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 77 бұйрығына 3-қосымша) (2018.31.10. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрінің

2015 жылғы 27 ақпандағы

№ 77 бұйрығына

3-қосымша

 

 

Мәдениет және өнер саласындағы республикалық

мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат білім беру ұйымдары қызметінің

қағидалары
(2018.31.10. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2018.31.10. № 311 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2018.31.10. № 311 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы мәдениет және өнер саласындағы республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаттарындағы білім беру қызметінің Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер саласындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаттарындағы білім беру қызметінің қағидаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды және «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі (бұдан әрі - Білім туралы Заң), «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы (бұдан әрі - Мәдениет туралы Заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жүзеге асырады.

2. Республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп - интернаттары (бұдан әрі - Мектеп - интернаттар) дарынды балалардың мәдениет және өнер іс негіздерін терең меңгеруіне бағытталған, элитарлық білім беруді қамтамасыз ететін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асырады.

3. Мектеп-интернаттар қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі, «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Қағидаларға және олардың негізінде әзірленген жарғыға сәйкес жүзеге асырады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.