«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін медициналық мүлікпен қамтамасыз етудің бейбіт уақытқа арналған заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № 219 бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін медициналық мүлікпен қамтамасыз етудің бейбіт уақытқа арналған заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № 219 бұйрығы

 

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 153 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін медициналық мүлікпен қамтамасыз етудің бейбіт уақытқа арналған заттай нормалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

2) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасының Заңңама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекекеттік кәсіпорнында ресми жариялау және Қазақстан Республикасы эталондық бақылау нормативтік-құқықтық актілер банкіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Ю. Ильин

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2022 жылғы 16 маусымдағы

№ 219 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін медициналық мүлікпен қамтамасыз етудің бейбіт уақытқа арналған

заттай нормалары

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.