«Цифрлық объектілердің сыныптауышын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 14 тамыздағы № 484/НҚ бұйрығы

Цифрлық объектілердің сыныптауышын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 14 тамыздағы № 484/НҚ бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 172) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Цифрлық объектілердің сыныптауышын қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. «Ақпараттандыру объектілерін сыныптау қағидаларын және ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 135 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 13349 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық трансформация саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму жөніндегі вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

 Премьер-Министрінің орынбасары -

Жасанды интеллект және

цифрлық даму министрі

 

 

 

Ж. Мадиев

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

орынбасары - Жасанды

интеллект және

цифрлық даму министрі

2026 жылғы 14 тамыздағы

№ 484/НҚ бұйрығымен

бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.