«Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 130 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 19 наурыздағы № 115 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

 «Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 130 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 19 наурыздағы № 115 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 130 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36002 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою қағидаларында:

3-тармақтың 5)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) цифрлық объект «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасы (бұдан әрі - Цифрлық объект) - Заңда айқындалған тәртіппен ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор;»;

4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою Цифрлық объекті арқылы орталықтандырылған түрде жүзеге асырылады.

5. Тұрғынжайға мұқтаждарды Цифрлық объектіге есепке қою үшін көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ арқылы Көрсетілетін қызметті берушінің интернет - ресурсында авторландырылады және өзінің өтінім берілетін жеке кабинетін ашады.»;

7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.