«Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалдық қойма» модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 31 қазандағы № 661 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 656 бұйрығы
1. «Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалдық қойма» модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 31 қазандағы № 661 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
«Электрондық шот-фактуралар цифрлық жүйесінің «Виртуалдық қойма» модулі арқылы тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын, сондай-ақ электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 179-бабы 3-тармағына және 208-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Электрондық шот-фактуралар цифрлық жүйесінің «Виртуалдық қойма» модулі арқылы тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын, сондай-ақ электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесі бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, электрондық шот-фактуралар цифрлық жүйесінің «Виртуалдық қойма» модулі арқылы тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын, сондай-ақ электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесінде:
жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушының
2025 жылғы 31 қазандағы
№ 661 бұйрығына қосымша»;
көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: