«Электрондық шот-фактуралар цифрлық жүйесінің «Виртуалдық қойма» модулі арқылы тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын, сондай-ақ электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 661 бұйрығы (2026.01.11. берілген өзгерістермен)

Электрондық шот-фактуралар цифрлық жүйесінің «Виртуалдық қойма» модулі арқылы тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын, сондай-ақ электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 661 бұйрығы

(2026.01.11. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Қаржы министрінің 2026.29.09. № 656 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Қаржы министрінің 2026.29.09. № 656 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 179-бабы 3-тармағына және 208-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Қаржы министрінің 2026.29.09. № 656 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Электрондық шот-фактуралар цифрлық жүйесінің «Виртуалдық қойма» модулі арқылы тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын, сондай-ақ электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

2) осы бұйрық ресми жарияланған бірінші күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.