Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерін жиһазбен, керек-жарақпен, қағазбен, мүкәммалмен, жабдықпен, спорттық және шаруашылық мүлікпен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 273 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнің 70-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерін жиһазбен, керек-жарақпен, қағазбен, мүкәммалмен, жабдықпен, спорттық және шаруашылық мүлікпен жабдықтаудың заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның электрондық түрдегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңңама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты |
Е. Саденов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
2025 жылғы «____» ___________
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2025 жылғы 11 сәуірдегі
№ 273 бұйрығымен бекітілген