Құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың жоспар-графигін келісу қағидаларын, оның нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 340 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 117-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың жоспар-графигін келісу қағидалары, оның нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің
2026 жылғы 30 маусымдағы
№ 340 бұйрығымен бекітілген
Құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың жоспар-графигін келісу
қағидалары, оның нысаны
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Құрылыс кезеңіне құрылыс объектісіне барудың жоспар-графигінің келісу қағидалары, оның нысаны (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 117-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органымен құрылыс кезеңіне құрылыс объектісіне барудың жоспар-графигін келісу тәртібін, нысанын айқындайды.