«Туристік ақпарат орталықтары қызметінің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 24 шілдедегі № 141 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Туристік ақпарат орталықтары қызметінің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 24 шілдедегі № 141 бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Туристік ақпарат орталықтары қызметінің қағидалары мен шарттары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орналастырылуын;

3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

туризм және спорт министрі

2026 жылғы 24 шілдедегі

№ 141 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Туристік ақпарат орталықтары қызметінің

қағидалары мен шарттары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Туристік ақпарат орталықтары қызметінің қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және туристік ақпарат орталықтары қызметінің тәртібі мен шарттарын айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.