(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР» ЖЫЛ САЙЫНҒЫ СЫЙЛЫҒЫН БЕРУ Қ...

«Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 599 бұйрығы

 

Осы редакция 2026 жылғы 13 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 125) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру қағидалары бекітілсін».

2. Мыналардың:

1) «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 2 қарашадағы № 544 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25003 болып тіркелген);

2) «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 2 қарашадағы № 544 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 2 қарашадағы № 130 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30404 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.