Мақта талшығына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 255 Қаулысы
Осы редакция 2020 жылғы 24 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мақта талшығына баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 29 сәуірдегі
№ 255 қаулысымен бекітілген
Мақта талшығына баға белгілеу
қағидалары (әдістемесі)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мақта талшығына баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) (бұдан әрі - Қағидалар) «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мақта талшығына арналған мәмілелердің (өткізудің) бағасын айқындау (есептеу) тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидалар оның 7-9-тармақтарында көрсетілген елдерге мақта талшығын жеткізуге қолданылады. Басқа жағдайларда салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді түзету «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер және анықтамалар:
1) агент - мақта талшығын сатып алушыны іздеу жөніндегі делдалдық қызметтерді жүзеге асыратын трейдер агенті;
2) ақпарат көзінен алынған баға - Қағидаларда айқындалған ақпарат көзінен алынған мақта талшығының бағасы;
3) ақпарат көзінің қолданылу өңірі (бұдан әрі - АКҚӨ) - осы ақпарат көзінен алынған деректерге қарай мақта талшығына нарықтық баға белгіленетін географиялық аумақ;
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.