Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 9/69-VIII «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 12/95-VIII шешімі
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 9/69-VIII «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 431 967 947,5 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 72 451 605,1 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 2 756 555,9 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 356 759 786,5 мың теңге;
2) шығындар - 427 813 940,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 2 000 343,7 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 14 025 736,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 12 025 392,3 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 2 942 623,2 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 2 942 623,2 мың теңге;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -788 959,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 788 959,4 мың теңге:
қарыздар түсімі - 12 500 736,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 17 768 171,3 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 6 056 394,7 мың теңге.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Облыстың жергілікті атқарушы органының 2024 жылға арналған резерві 1 744 671,0 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. 2024 жылға арналған облыстық бюджетте аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінен: