«Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған адамдарды профилактикалық есепке алуды жүргізу және профилактикалық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 5 наурыздағы № 163 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған адамдарды профилактикалық есепке алуды жүргізу және профилактикалық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 5 наурыздағы № 163 бұйрығы

 

«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 59-бабының 13-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 308) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған адамдарды профилактикалық есепке алуды жүргізу және профилактикалық бақылауды жүзеге асыру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың және кейбір бұйрықтардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақтан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасы

ішкі істер министрі

 

Е. Саденов

 

Қазақстан Республикасы

ішкі істер министрі

2026 жылғы 5 наурыздағы

№ 163 бұйрыққа

1-қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.