Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер органдарының салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және құпия ақпаратты ұсынуы жөніндегі өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысының 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 31 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 648 бірлескен бұйрығы
Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 45-бабының 6-тармағының 5) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер органдарының салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және құпия ақпаратты ұсынуы жөніндегі өзара іс-қимыл қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) Мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді және құпия ақпаратты ұсыну қағидаларын, сондай-ақ ұсынылатын мәліметтер мен құпия ақпараттардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының 2022 жылғы 7 қазандағы № 129 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 7 қазандағы № 1045 бірлескен бұйрығының;