Мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді және құпия ақпаратты ұсыну қағидаларын, сондай-ақ ұсынылатын мәліметтер мен құпия ақпараттардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2022 жылғы 7 қазандағы № 129 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2022 жылғы 7 қазандағы № 1045 бірлескен бұйрығы
(2024.14.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысының 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 31 және ҚР Қаржы министрінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 648 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 30-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкесМемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді және құпия ақпаратты ұсыну қағидалары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан ұсынылатын салықтық құпияны құрайтын мәліметтердің және құпия ақпараттың тізбесі бекітілсін.