«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығы (2016.14.06. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығы

(2016.14.06. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 23 мамырдағы № 109 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016.14.06. № 124 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 1081 «қбп» қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.