(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ МИНИСТРІНІҢ 2016.05....

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығы

 

Осы редакция 2016 жылғы 14 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 1081 қбп қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Т. Донақов

 

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері

министрлігінің Жауапты

хатшысының

2016 жылғы 5 қаңтардағы

№ 1 бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.