Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын және Әлеуметтік жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 396 Қаулысы
(2015.05.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 31 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы;
2) Әлеуметтік жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Жоспардың орындалуына жауапты мүдделі ұйымдар:
1) Жоспарды іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын;
2) жылдың қорытындылары бойынша 20 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жылдың қорытындылары бойынша 20 наурыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Г.Н. Әбдіқалықоваға жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.