8. Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс күніне келмесе, онда есепке жатқызу және (немесе) қайтару мерзімі келесі жұмыс күнінің соңында бітеді.
9. Жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
12-тарау. САЛЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕНІ, ӘЛЕУМЕТТІК
ТӨЛЕМДЕРДІ ЕСЕПТЕУ, ҰСТАП ҚАЛУ ЖӘНЕ АУДАРУ БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАУ
ЖӨНІНДЕГІ ХАБАРЛАМА
114-бап. Жалпы ережелер
1. Салық органы салық төлеушіге (салық агентіне) қағаз жеткізгіште немесе электрондық тәсілмен жіберген, оның салықтық міндеттемені орындау, сондай-ақ бақылау салық органдарына жүктелген әлеуметтік төлемдерді толық есептеу және уақтылы төлеу қажеттігі туралы хабары хабарлама деп танылады. Хабарламалардың нысандарын уәкілетті орган бекітеді.
2. Хабарлама төменде санамаланған түрлермен шектеледi және олар салық төлеушiге (салық агентіне) мынадай мерзiмдерде:
1) осы Кодекстің 37-бабының 2-тармағына сәйкес салық органы есептеген салықтар сомасы туралы - есептеу күнінен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрілмей;
2) тексеру нәтижелері туралы - осы Кодекстің 159-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеру актісі табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрілмей;
3) таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап таратудың салықтық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезеңде салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің есепке жазылған сомалары туралы - таратудың салықтық тексеруінің актісі салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешiктiрілмей;
2021.02.01. № 402-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мәліметтері негізінде қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақының есепке жазылған сомасы туралы - осы Кодекстің 573-бабының 3-тармағында көрсетілген мәліметтер алынған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрілмей;
5) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салықтық есептіліктің ұсынылмауы туралы - хабарламаны жіберу мерзімі осы Кодексте белгіленген ұсыну мерзімінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілетін, корпоративтiк табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікті қоспағанда, бұзушылық анықталған күннен бастап жіберіледі.
Уәкілетті орган растаған бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық қате туындауы себебінен осы тармақшада көрсетілген хабарламаны жіберу мерзімі бұзылған жағдайда, осы хабарлама мерзімінде жіберілді деп есептеледі. Бұл ретте осындай хабарлама бойынша салықтық міндеттеме және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемелер салық төлеушінің осы Кодекстің 115-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімде орындауына жатады.
6) 2023.12.12. № 45-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) тармақшаның қолданысы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 9-бабының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)
7) салықтық берешекті өтеу туралы - салықтық берешек түзілген немесе салық төлеуші тәуекел деңгейі төмен санаттан тәуекел деңгейі орташа немесе жоғары санатқа өткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешiктiрілмей;
8) жеке тұлғалардың салықтық берешегі туралы - салықтық берешек түзілген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей;
9) дебиторлардың банктік шоттардағы ақшасына өндiрiп алуды қолдану туралы - өндiрiп алуды қолдануға дейiн жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрілмей;
10) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы - осы Кодекстің 59-бабының 7-тармағында және 66-бабының 8-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, салықтық есептілікте бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей;
11) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары туралы - шағым бойынша шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей;
12) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы - олар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешіктірілмей;
13) салық төлеушінің тұрған жерін (жоқтығын) растау туралы - салық органдарының лауазымды адамдары салықтық зерттеп-қарау актісін жасаған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрілмей;
14) тармақша 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14) деңгейлес мониторинг шеңберінде шешімнің нәтижелері бойынша шығарылған мониторингтің нәтижелері туралы (бұдан әрі осы Кодекстің мақсаттары үшін - деңгейлес мониторинг нәтижелері туралы хабарлама) - осындай шешім шығарылған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрілмей жіберіледі.
1) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;
2) салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) немесе толық атауы;
5) осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда - салықтық міндеттеменің және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемелердің сомасы;
6) жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралы салығы бойынша салықтық берешегін өтеу үшін қажетті банктік деректемелер;
7) салықтық міндеттемені және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемелерді орындау туралы талап;
8) хабарлама жіберу үшін негіз;
9) шағым жасау тәртібі көрсетілуге тиіс.
4. Салық органдары осы Кодекстің 115-бабы 1-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, салық төлеушіге (салық агентіне) осы баптың 2-тармағының 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген хабарламалардың көшірмелерін жібереді.
Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 2-тармағының 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген хабарламалардың түпнұсқасын алу үшін салық органдарына жүгінуге құқылы.
115-бап. Хабарламаны табыс ету және орындау тәртібі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, хабарлама салық төлеушiнің (салық агентінің) жеке өзiне қолын қойғызып немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен табыс етілуге тиiс.
Бұл ретте төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) мынадай жағдайларда:
1) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберілгенде - салық төлеуші (салық агенті) пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап табыс етілді деп есептеледі;
Бұл ретте пошта немесе өзге де байланыс ұйымы мұндай хабарламаны пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жеткізуге тиіс;
2021.24.06. № 53-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.06.02. № 196-VІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) электрондық тәсілмен жіберілгенде:
салық органы хабарламаны веб-қосымшаға және (немесе) арнаулы мобильді қосымшаға жеткізген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Үшінші абзацтың қолданысы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 10-бабының редакциясында қолданылды
Бұл тәсіл Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес салық органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын және (немесе) арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланатын салық төлеушіге қолданылады;
«электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабар жөнелтіле отырып, «электрондық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушының кабинетіне хабарлама жеткізілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Бұл тәсіл «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген салық төлеушіге қолданылады;
хабарлама салықтық мобильдік қосымшаға жеткізілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Бұл тәсіл осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, есепті салықтық кезең үшін есептелген салықтардың сомасы туралы хабарламаға қолданылады;
3) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы жіберілгенде - келу тәртібімен оны алған күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Бұл ретте осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген есепті салықтық кезеңде есептелген салықтар сомасы туралы хабарламаны жеке тұлға есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 15 шілдесінен басталатын кезеңде алуға тиіс.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Егер осы баптың 3 және 4-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, салық органдары хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген, осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 2), 3), 7) тармақшаларында көзделген хабарламаларды пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, осы Кодексте белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен куәгерлер тартыла отырып, салықтық зерттеп-қарауды жүргізу күні мұндай хабарламаларды табыс ету күні болып табылады.
3. Осы Кодекстің 158-бабының 3-тармағына сәйкес салықтық зерттеп-қарау актісінің негізінде салықтық тексеру аяқталған және салық органдары хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген, осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген хабарламаларды пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, мұндай хатты пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қайтару күні мұндай хабарламаларды табыс ету күні болып табылады.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.12.12. № 45-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Салық органдары хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген, осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 5), 10), 11) және 12) тармақшаларында көзделген хабарламаларды пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, салық органы осындай хабарламаны қайтарған күннен кейінгі күннен кешіктірмей салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін, атауын немесе тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), хабарламаның қайтарылу күнін көрсете отырып, ол туралы ақпаратты уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырады.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.12.12. № 45-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Егер осы баптың 6-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық органы осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 2) - 5), 10), 11), 12) және 14) тармақшаларында көрсетілген хабарламаларды жіберген жағдайда, салықтық міндеттеме және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемелер салық төлеушіге (салық агентіне) хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуға жатады.
6. Салық төлеуші осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген таратудың салықтық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламалармен толық келіскен жағдайда, салық төлеуші мұндай келісу туралы өтінішті хабарламаларда көрсетілген, салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі салықтық міндеттемелердің, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді аудару жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып ұсынады.
Бұл ретте салық төлеуші таратудың салықтық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламалармен келісетіні туралы өтінішті хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап жиырма бес жұмыс күнінен кешіктірмей салық органына ұсынады.
7. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген хабарламаларды табыс ету және орындау тәртібі осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген хабарламалардың көшірмелеріне де қолданылады.
8. Салық органдары осы Кодекстің 114-бабының 4-тармағында көрсетілген жағдайда салық төлеуші өтініш жасаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мұндай салық төлеушіге осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген хабарламалардың түпнұсқасын береді.
9. Осы Кодекстiң 114-бабы 2-тармағының 13) тармақшасында көзделген хабарламаны салық органы электрондық тәсілмен не хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберуге және салық төлеушi (салық агентi) хабарлама жiберiлген күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде орындауға тиiс.
13-тарау. МЕРЗІМІНДЕ ОРЫНДАЛМАҒАН САЛЫҚТЫҚ
МІНДЕТТЕМЕНІҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТӘСІЛДЕРІ
116-бап. Мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) белгіленген мерзімде орындалмаған салықтық міндеттемесін орындау мынадай:
1) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердің төленбеген сомасына өсімпұлды есепке жазу;
2) салық төлеуші (салық агенті) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның банктік шоттары (корреспонденттiкті қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
3) салық төлеуші (салық агенті) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
4) салық төлеуші (салық агенті) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның мүлікке билік етуін шектеу тәсілдерімен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Егер салықтық міндеттемелерді орындау осы Кодекстің 722-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес операторға жүктелсе, онда мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің:
осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген тәсілдері операторға қатысты қолданылады;
осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдері бір мезгілде операторға және жай серіктестіктің (консорциумның) әрбір қатысушысына қатысты қолданылады.
2. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері осы Кодекстің 118, 119 және 120-баптарында белгіленген мерзімдерде қолданылады.
Екінші бөліктің қолданысы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 11-бабының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)
Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану басталғанға дейін тәуекел деңгейі орташа және жоғары салық төлеушіге (салық агентіне), осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама жіберіледі.
2-тармақтың үшінші бөлігі 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Өсімпұлды есепке жазуды қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері осы тарауда көзделген мерзімдерде тәуекел деңгейі орташа және жоғары салық төлеушілерге (салық агенттеріне) салықтық берешегі түзілген күні немесе салық төлеуші (салық агенті) тәуекел деңгейі төмен санаттан тәуекел деңгейі орташа немесе жоғары санатқа өткен күні салық төлеуші (салық агенті) жатқызылған тәуекел деңгейіне қарай қолданылады.
3. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі өзіне салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілгеннен кейін отыз жұмыс күні ішінде салықтық берешекті өтемеген жағдайда, салық органы салық төлеушіге (салық агентіне) - осы құрылымдық бөлімшені құрған заңды тұлғаға осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолданады.
Заңды тұлғада біреуден астам құрылымдық бөлімше болған кезде, осы тармақтың бірінші бөлігінде айқындалған тәртіппен мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін оған қолданғаннан кейін заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі салықтық берешекті өтемеген жағдайда, салық органы мұндай заңды тұлғаның барлық құрылымдық бөлімшесіне бір мезгілде осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолданады.
Заңды тұлға өзіне салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілгеннен кейін отыз жұмыс күні ішінде салықтық берешекті өтемеген жағдайда, салық органы салық төлеуші - заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолданады.
4. Осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген, мерзiмiнде орындалмаған салықтық мiндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсiлдерiнің мынадай:
1) банкрот деп танылған жағдайда - соттың салық төлеушіні банкрот деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) оңалту рәсімі қолданылған жағдайда - оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;
3) берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді сот бекіткен жағдайда - соттың осындай келісімді бекіту туралы ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда - соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
5) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылған жағдайда - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күші жойылуға жатады.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында айқындалған жағдайларда, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілмеген салықтық міндеттеменің сомасы бойынша және (немесе) сот бекіткен берешекті қайта құрылымдау туралы келісімге енгізілмеген салық төлеушінің салықтық міндеттемесінің сомасы бойынша салық төлеушіге осы тараудың ережелеріне сәйкес, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері қолданылады.
5-тармақтың қолданысы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 11-бабының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Егер осы баптың 5-1-тармағында өзгеше көзделмесе, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға немесе деңгейлес мониторинг нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасалған жағдайда, салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне билік етуді шектеуді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қанағаттандырусыз қалдырған жағдайда, салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне билік етуін шектеуді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығарылған кезден бастап он бес жұмыс күніне тоқтатыла тұрады.
6. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешекті өтеу туралы хабарламаға шағым жасаған жағдайда, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрмайды.
7. Осы тараудың мақсаты үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттары банктік шоттарға теңестіріледі, ал бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.
8. 2019 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
117-бап. Салықтардың және бюджетке төленетiн төлемдердiң мерзiмiнде төленбеген сомасына өсiмпұл
1. Осы баптың 2-тармағында белгiленген, салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердің мерзiмiнде төленбеген сомасына есепке жазылатын мөлшер өсiмпұл деп танылады.
1) салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің басқа да тәсілдерін, мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын және Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзғаны үшін өзге де жауаптылық шараларын қолдануға қарамастан;
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) егер осы тармақтың 2-1) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, салықты және бюджетке төленетін төлемді, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемді төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындаудың мерзімі өткен әрбір күні үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мерзімі өткен әрбір күнге базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде;
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1) төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, есепті салықтық кезең үшін төмендегі салық түрлері бойынша қосымша декларацияны есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қыркүйегіне дейін ұсынған жағдайда туындаған, осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелетін корпоративтік табыс салығын және осы Кодекстің 366-бабына сәйкес айқындалған салық салынатын кірістен есептелетін жеке табыс салығын төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындаудың мерзімі өткен әрбір күні үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мерзімі өткен әрбір күнге базалық мөлшерлемесінің 0,65 еселенген мөлшерінде;
3) салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімі өзгерген, салықтық есептілікті ұсыну мерзімі ұзартылған, қосымша салықтық есептілік ұсынылған кезде;
екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар салық төлеушінің банктік шотынан ақшаны есептен шығарған;