Ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен биологиялық негіздемелер негізінде ғылыми зерттеулер жүргізу үшін жануарлар дүниесі объектілерін (балық шаруашылығы объектілерін қоспағанда) алып қою квоталарын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2026 жылғы 31 тамыздағы № 191 бұйрығы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен биологиялық негіздемелер негізінде ғылыми зерттеулер жүргізу үшін жануарлар дүниесі объектілерін (балық шаруашылығы объектілерін қоспағанда) алып қою квоталарын белгілеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2026 жылғы 31 тамыздағы
№ 191 бұйрығына
қосымша