«Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 189 бұйрығы

«Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 189 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10285 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Патронаттық тәрбие туралы ережеде көрсетілген:

10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша патронаттық тәрбиеші болу туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш)»;

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Патронат тәрбиешіге берілген әрбір баланы (балаларды) күтіп-бағуға Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 137-бабының 1-тармағына сәйкес тәртіппен және мөлшерде ай сайын ақшалай қаражат төленеді.»;

1-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.