Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 437 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 3 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 118-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. «Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу тарифтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 988 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 53, 506-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.