Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторын айқындау қағидаларын және тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 672 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 12 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 11-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторын айқындау қағидалары;
2) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 672 қаулысымен
бекітілген
Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторын айқындау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторын айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 11-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және конкурстың қорытындысы бойынша тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторын (бұдан әрі - бірыңғай оператор) айқындау тәртібін белгілейді.
2. Пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер:
1) деректерді беру желісі - деректерді беру арналарымен және коммутациялық құрылғылармен (желі тораптарымен) байланысты шеткі құрылғылардан (терминалдардан) тұратын және барлық шеткі құрылғылар арасында ақпараттық хабарламалармен алмасуға арналған жүйе;
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.