«Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы тексеру нәтижелері туралы актінің және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 114-НҚ бұйрығы

Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы тексеру нәтижелері туралы актінің және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 114-НҚ бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Су кодексінің 52-бабының 12-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН

1. Мыналар бекітілсін:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшаға сәйкес су қорын қорғау және пайдалану саласындағы тексеру нәтижелері туралы актінің нысаны;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшаға сәйкес су қорын қорғау және пайдалану саласындағы бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысаны.

2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2025 жылғы 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Су ресурстары және ирригация

министрі 2025 жылғы 9 маусымдағы

№ 114-НҚ бұйрыққа 1-қосымша

 

Нысан

 

 

№_____Тексеру нәтижелері туралы акті

 

 

 

Бақылау және қадағалау органының атауы________________________________

1. Тексеру жүргізуге негіз болған тексеру тағайындау туралы актінің номері мен

күні_________________________________________________________________

2. Тексеру жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты

(егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) ____________________

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.