«Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 14 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 264 Қаулысы

«Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 14 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 264 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 14 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13460 тіркелген, 2016 жылғы 11 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау қағидаларында:

3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін есептеуді сақтандырушы 10 (он) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін айқындау туралы өтініш негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте зақымданған көлік құралын қарап-тексеруді сақтандырушы және(немесе) сақтандырушының сақтандырушымен жасалған тапсырма шартының негізінде іс-әрекет жасайтын уәкілетті тұлғасы зардап шегуші (пайда алушы) немесе сақтанушы (сақтандырылушы) мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін айқындау туралы өтініш берген күннен кейінгі 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады және Қағидалардың 7-тармағында көзделген мәліметтер қамтылған, еркін нысандағы қарап-тексеру актісін жасау арқылы ресімделеді.»;

11-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.