«Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті» (Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 18/02 Қаулысымен бекітілді) (2017.24.01. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 7 шілдедегі № 42/01 Қаулысымен күші жойылды

 

Қарағанды облысы әкімдігінің 2017.24.01. № 05/01 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қарағанды облысы әкімдігінің

2016 жылғы 28 наурыз

№ 18/02 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Ветеринариялық анықтамалар беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2017.24.01. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдармен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www. elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

3. Ветеринариялық анықтама беру немесе «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 06 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11959 болып тіркелген) бекітілген «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағымен көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

4. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.