Теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың үлгілік шартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № 143 бұйрығы
«Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-43) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың үлгілік шарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2022 жылғы 16 наурыздағы
№ 143 бұйрықпен
бекітілген
Теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың
үлгілік шарты
_________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы),
бұдан әрі «Уәкілетті орган» деп аталып,
________________________________________________________________
(өкілеттігін растайтын құжаттың атауы)
негізінде әрекет ететін
________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты болған жағдайда)
бір тараптан және
______________________________________