«Болашақ»халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 325 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 22 маусымдағы № 298 бұйрығы (күші жойылды)

«Болашақ»халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 325 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 22 маусымдағы № 298 бұйрығы

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 шілдедегі № 366 бұйрығымен күші жойылды

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 325 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия туралы ережеде:

3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«3. Комиссияның негізгі міндеті «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің (бұдан әрі - Стипендиаттар) өтініштерін толық және жан-жақты:

1) оқуды ұйымдастыру не тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру туралы шарт жасасу мерзімін ұзарту туралы;

2) мамандықтың, оқу бағдарламасының өзгеруі, жоғары оқу орнының, тағылымдама жүзеге асырылатын шетелдік ұйымның, оқу не тағылымдамадан өту елінің ауысуы туралы;

3) академиялық демалыс беру не ұзарту туралы, оқу не тағылымдамадан өту мерзімін ауыстыру туралы, оқу не тағылымдамадан өту мерзімін ұзарту туралы;

4) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларына (бұдан әрі - Іріктеу қағидалары) сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясынан бас тарту туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде алған мамандық бойынша еңбек қызметін жүзеге асыру үшін кейінге қалдыру туралы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.