«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 325 бұйрығы (2023.28.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 325 бұйрығы

(2023.28.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 шілдедегі № 366 бұйрығымен күші жойылды

 

«Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығымен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ереженің 10-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия туралы ереже;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның құрамы бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтары жойылсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Б. Шаяхметовке жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

Б. Жұмағұлов

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2012 жылғы 4 шілдедегі

№ 325 бұйрығына 1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің

өтініштерін қарау жөніндегі комиссия туралы

ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023.17.03. № 115 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы ретінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.