«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 325 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 наурыздағы № 115 бұйрығы (күші жойылды)

«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 325 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 наурыздағы № 115 бұйрығы

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 шілдедегі № 366 бұйрығымен күші жойылды

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 11 маусымдағы № 917 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 325 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия туралы ережеде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы ретінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың, қоғамдық және өзге де ұйымдардың өкілдері (келісім бойынша) кіреді. Комиссия құрамы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен бекітіледі.»;

18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімі Комиссия қызметін тоқтатуға негіз болып табылады.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.