«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 325 бұйрығы
(2023.28.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 шілдедегі № 366 бұйрығымен күші жойылды
«Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығымен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ереженің 10-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия туралы ереже;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның құрамы бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтары жойылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Б. Шаяхметовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр | Б. Жұмағұлов |
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 4 шілдедегі
№ 325 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің
өтініштерін қарау жөніндегі комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023.17.03. № 115 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы ретінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.