«Интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеу және интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеуді алып тастау туралы мемлекеттік кірістер органының шешімдерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 23 маусымдағы № 428 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеу және интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеуді алып тастау туралы мемлекеттік кірістер органының шешімдерінің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 23 маусымдағы № 428 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 49-бабының 3-тармағы және 89-бабының 1, 2, 3, 5 және 6-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мемлекеттік кірістер органының мынадай шешімдерінің нысандары бекітілсін:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеу туралы шешімнің нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеуді алып тастау туралы шешімнің нысаны.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және ақпарат министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

2026 жылғы 23 маусымдағы

№ 428 бұйрығына

1-қосымша

 

нысан

 

Интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-алаңға қолжетімділікті шектеу туралы мемлекеттік кірістер органының

 ШЕШІМІ

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.