(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛ...

Предыдущая страница

1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушысы:

1) алдын ала баруға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдардың саны, осындай ұйымдардың саны және олардың орналасқан жері туралы ақпарат алуға;

2) алдын ала баруға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ оларды ұстау жағдайларына қатысты ақпаратқа қол жеткізе алуға;

3) құрылған топтардың құрамында белгіленген тәртіппен алдын ала баруды жүзеге асыруға;

4) алдын ала баруға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдармен және (немесе) олардың заңды өкілдерімен куәларсыз, жеке немесе қажет болған кезде аудармашы арқылы, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының пiкiрi бойынша тиiстi ақпарат бере алатын кез келген басқа адаммен әңгімелесу жүргізуге;

5) алдын ала баруға жататын ұйымдарды кедергісіз таңдауға және оларға баруға;

6) азаптаудың және қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы хабарлар мен шағымдарды қабылдауға құқылы.

2. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы заңды қызметін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз болып табылады.

 

188-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының міндеттері

1. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы өз өкілеттігін орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті.

2. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының алдын ала баруға жататын ұйымдардың қызметіне араласуына жол берілмейді.

3. Алдын ала бару жөніндегі топқа кіретін ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының бейтараптығына күмән туғызатын мән-жайлар болған кезде ол алдын ала баруға қатысудан бас тартуға міндетті.

4. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы азаптаудың және қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы қабылданатын хабарлар мен шағымдарды Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл айқындайтын тәртіппен тіркеуге міндетті.

Қабылданған хабарлар мен шағымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің қарауына беріледі.

Қабылданған және берілген хабарлар мен шағымдар туралы ақпарат алдын ала бару нәтижелері жөніндегі есепке енгізіледі.

5. Осы Кодекстің ережелерін бұзған ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

 

189-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттігін тоқтату

Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттігі:

1) осы Кодекстің ережелері бұзылған;

2) өз өкілеттігін доғару туралы жазбаша өтініші;

3) ол қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;

4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;

5) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;

6) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар басталған кезде тоқтатылады.

 

190-бап. Алдын ала барудың түрлері мен мерзімділігі

1. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала баруы былайша бөлінеді:

1) төрт жылда бір реттен сиретпей тұрақты негізде жүргізілетін мерзімдік алдын ала бару;

2) алдыңғы мерзімдік алдын ала бару нәтижелері бойынша ұсынымдардың іске асырылуына мониторинг жүргізу, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары әңгімелесу жүргізген адамдарды алдын ала баруға жататын ұйымның әкімшілігі тарапынан қудалаудың алдын алу мақсатында, мерзімдік алдын ала бару аралығындағы кезеңде жүргізілетін аралық алдын ала бару;

3) азаптаудың және қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы келіп түскен хабарлардың негізінде жүргізілетін арнаулы алдын ала бару.

2. Үйлестіру кеңесі бөлінген бюджет қаражаты шегінде алдын ала бару мерзімдерін және алдын ала баруға жататын ұйымдардың тізбесін айқындайды.

 

191-бап. Алдын ала бару тәртібі

1. Алдын ала баруды Үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құратын топтар жүргізеді.

2. Алдын ала бару үшін топтарды құру кезінде ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының ешқайсысын тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітушілікке ұшыратуға болмайды.

3. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету алдын ала баруға жататын ұйымның әкімшілігіне жүктеледі. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының құқыққа сыйымсыз әрекеттері орын алған жағдайда, алдын ала баруға жататын ұйым әкімшілігінің басшысы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жазбаша ақпарат береді.

4. Әрбір алдын ала барудың нәтижелері бойынша топтың атынан Үйлестіру кеңесі бекіткен нысан бойынша жазбаша есеп жасалады, оған алдын ала баруды жүзеге асырған топтың барлық мүшелері қол қояды. Ерекше пікірі бар топ мүшесі оны жазбаша түрде ресімдейді және есепке қоса береді.

 

192-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы

1. Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасын олардың алдын ала бару нәтижелері бойынша есептерін ескере отырып дайындайды.

2. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасында:

1) уәкілетті мемлекеттік органдарға алдын ала баруға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жағдайларын жақсарту және азаптаудың және қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу бойынша ұсынымдар;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар да қамтылады.

Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасына өткен жылғы алдын ала бару жөніндегі қаржылық есеп қоса беріледі.

3. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы қарау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі және оны Үйлестіру кеңесі бекіткен күннен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің интернет-ресурсында орналастырылады.

 

193-бап. Құпиялылық

1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары алдын ала бару барысында өздеріне белгілі болған адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді осы адамның келісімінсіз жария етуге құқылы емес.

2. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала бару барысында өздеріне белгілі болған адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді осы адамның келісімінсіз жария етуі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.

 

194-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен өзара іс-қимылы

1. Мемлекеттік органдар және олардың лауазымды адамдары ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына олардың заңды қызметін жүзеге асыруына жәрдем көрсетеді.

Бірде-бір мемлекеттік орган немесе лауазымды адам азаптаудың және қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарекеттер мен жазалау түрлерiнің қолданылу фактілері туралы ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына хабарлағаны үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын шектеуге құқылы емес.

Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының заңды қызметіне кедергі келтіретін лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

2. Уәкілетті мемлекеттік органдар ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасын алған күннен бастап үш ай ішінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге алынған баяндамаларды қарау нәтижелері бойынша қолданылған шаралар туралы жазбаша нысанда ақпарат береді.

3. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала бару нәтижелері бойынша есептері негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға адамның және Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарын бұзған лауазымды адамға қатысты тәртіптік немесе әкімшілік іс жүргізуді не қылмыстық іс қозғау туралы өтінішхатпен жүгінуге құқығы бар.

 

 

23-тарау. МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ КӨЛЕМІ

 

195-бап. Медициналық көмектің көлемі

Медициналық көмек мынадай көлемде ұсынылады:

1) осы Кодекстің 196-бабына сәйкес ұсынылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін білдіретін ең төмен көлем;

2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті білдіретін базалық көлем;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді

3) медициналық көмектің:

жеке және заңды тұлғалардың жарналары есебінен көрсетілетін ерікті және (немесе) жүктелген медициналық сақтандыру шеңберінде;

ақылы қызметтер көрсету және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен ұсынылатын;

әскери-медициналық (медициналық) мекемелерде (ұйымдарда) әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне, құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының зейнеткерлеріне, әскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдар қызметінен босатылған адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері мен азаматтарының жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қаражат есебінен көрсетілетін;

қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қаражат есебінен көрсетілетін;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғаларға бірыңғай зейнетақы төлемдері есебінен ұсынылатын медициналық көмекті қамтитын қосымша көлемі.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету кепілдіктерінің бағдарламасын Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын үш жылдық кезеңге айқындайды.

 

196-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі

1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, босқындарға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға бюджет қаражаты есебінен ұсынылады, барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ дәрілік қамтамасыз етуді қамтиды.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, пана іздеген адамдардың айналадағыларға қауіп төндіретін аурулары болған кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша және көлемде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар.

2024.19.04. № 74-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін медициналық көмекті Қазақстан Республикасының аумағында клиникалық практикаға жіберілген медицина қызметкерлері көрсетеді.

2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне мыналар кіреді:

1) жедел медициналық жәрдем;

2) медициналық-санитариялық алғашқы көмек;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді

3) мынадай:

уəкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша аурулардың профилактикасы мен диагностикасы жөнінде қызметтер көрсету кезінде;

жарақаттар, уланулар немесе басқа да кезек күттірмейтін жай-күйлер кезінде;

әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде;

онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған скринингтік зерттеулер кезінде;

артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, глаукоманы, қант диабетін, В жəне С вирустық гепатиттерін жəне басқаларды ерте анықтауға уəкілетті орган айқындайтын скринингтік зерттеулер кезінде амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек;

2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) əлеуметтік мəні бар аурулар кезінде стационарды алмастыратын жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек;

5) мынадай:

уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша, айналадағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқаспен қарым-қатынаста болған адамдарды, сондай-ақ бактерия таратушыларды, вирус таратушыларды және айналадағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік ауруға күдікті адамдарды оқшаулау кезінде;

уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша инфекциялық, паразиттік ауруларды және айналадағыларға қауіп төндіретін ауруларды емдеу кезінде;

уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар болып табылмайтын адамдар үшін шұғыл нысанда, оның ішінде тәулік бойы стационар жағдайларында емдеуді қажет етпейтін диагнозды анықтағанға дейін тәулік бойы стационардың қабылдау бөліміндегі емдік-диагностикалық іс-шаралар жүргізу;

уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша жоспарлы нысанда стационарлық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек;

2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) негізгі ауруды емдеу кезіндегі медициналық оңалту, сондай-ақ туберкулезбен ауыратындарды, психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды медициналық оңалту;

7) уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша паллиативтік медициналық көмек;

8) қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету;

9) патологиялық-анатомиялық диагностика;

10) ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау мақсатында қайтыс болғаннан кейінгі донорды ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) алуға дайындау, ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу, консервациялау, дайындау, сақтау, тасымалдау.

Əлеуметтік мəні бар аурулар тізбесін, оның ішінде туберкулезді, АИТВ инфекциясын, қатерлі ісіктерді, созылмалы вирустық гепатиттер мен бауыр циррозын, психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарды (ауруларды), орфандық ауруларды, жүйке жүйесінің дегенеративті ауруларын, орталық жүйке жүйесінің миелинсіздендіру ауруларын, эпилепсияны, алғашқы алты ай ішіндегі жіті миокард инфарктін, бір жыл ішіндегі инсульттерді қамтитын тізбені уəкілетті мемлекеттік орган бекітеді.

4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, арнайы емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық дәрілік препараттармен қамтамасыз ету:

1) денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес жедел жәрдем, сондай-ақ стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған көмек, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсету кезінде;

2) қарсы профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулар тізбесіне сәйкес медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету кезінде;

3) белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне сәйкес амбулаториялық жағдайларда медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған көмек көрсету кезінде жүзеге асырылады.

2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсыну кезінде денсаулық сақтау субъектілері Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен арнайы емдік өнімдерді пайдаланады. Дәрілік заттар Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға енгізілген болуға тиіс.

Қазақстан Республикасында тіркелмеген және Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға енгізілмеген дәрілік заттар мен тіркелмеген медициналық бұйымдарды нақты пациенттің өмірлік көрсетілімдері бойынша медициналық көмек көрсету не сирек кездесетін (орфандық) аурулары және (немесе) жай-күйлері бар пациенттердің шектеулі контингентіне медициналық көмек көрсету үшін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қолдануға жол беріледі.

 

2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 197-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

197-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін жəне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті қалыптастыру қағидаттары

1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі жəне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек əмбебаптық, қолжетімділік, дəлелділік, шынайылық жəне реттеушілік қағидаттары негізінде қалыптастырылады.

2. Əмбебаптық қағидаты кіріс деңгейіне жəне əлеуметтік мəртебесіне қарамастан, медициналық көмекпен жалпыға бірдей жəне тең қамтуды білдіреді.

3. Қолжетімділік қағидаты Қазақстан Республикасының аумағында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек жəне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу мүмкіндігі болып табылады.

4. Дəлелділік қағидаты медициналық көрсетілетін қызметтердің, дəрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы дəлелденген ғылыми жəне клиникалық деректердің болуын білдіреді.

5. Шынайылық қағидаты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмекті жəне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету кепілдіктері бағдарламасының бюджет параметрлеріне жəне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру активтеріне сəйкестігін білдіреді.

6. Реттеушілік қағидаты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін жəне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету кезінде ұсынылатын медициналық көрсетілетін қызметтерге тарифтерді, дəрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бағаларды мемлекеттік реттеу болып табылады.

 

2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 198-бап өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

198-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек жəне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету мақсаттары

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек жəне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетудің мақсаттары мыналар болып табылады:

2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) аурулардың профилактикасы диагностикасы және оларды емдеу;

2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) созылмалы жəне (немесе) əлеуметтік мəні бар аурулардың асқынуын, ағзалар мен тіндердің зақымдануын бақылау;

3) аурулардың ерте сатыларда өршуінің және олардың салдарының алдын алу;

4) жүктілік және босану кезіндегі медициналық күтім;

5) пациентте өз денсаулығын бақылау дағдыларын қалыптастыру;

6) жазылмайтын науқастарға аурудың терминалдық (соңғы) сатысында медициналық күтім жасау.

 

199-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтерінің халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.

 

200-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек

1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде:

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) мыналарды:

уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімділікпен профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді;

тұқым қуалайтын туа біткен ақаулар мен даму ауытқуларын ерте анықтауға уəкілетті орган айқындаған скринингтік зерттеулерді;

медициналық-санитариялық алғашқы көмек дәрігерлерінің жолдамасы бойынша пациенттерді бейінді мамандардың қабылдауы мен консультацияларын;

созылмалы аурулары бар адамдарды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімділікпен бейінді мамандардың динамикалық байқауын;

уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсетуді;

уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша диагностикалық көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде зертханалық диагностиканы;

уəкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша емшаралар мен манипуляцияны қамтитын амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде аурулардың профилактикасы, диагностикасы жəне скринингтік зерттеулер жағдайларын қоспағанда);

2) стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда);

2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) бет қаңқасы мен бастың туа біткен анатомиялық кемістіктері бар балаларға реконструкциялық, пластикалық хирургиялық операцияларды қоса алғанда, жоспарлы нысанда стационарлық жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда);

4) шұғыл нысанда стационарлық жағдайларда мамандандырылған көмек, оның ішінде тәулік бойы стационар жағдайларында емдеуді қажет етпейтін диагноз анықталғанға дейін тәулік бойы стационардың қабылдау бөлімінде емдік-диагностикалық іс-шараларды жүргізу (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда);

2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) уәкілетті орган айқындайтын аурулардың тізбесі бойынша медициналық оңалту (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда);

6) патологиялық-анатомиялық диагностика;

7) ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау мақсатында қайтыс болғаннан кейінгі донорды ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) алуға дайындау, ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу, консервациялау, дайындау, сақтау, тасымалдау ұсынылады.

2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету кезінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, арнайы емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз ету: