«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетудің 2026 - 2028 жылдарға арналған кепілдіктер бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 840 Қаулысы

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетудің 2026 - 2028 жылдарға арналған кепілдіктер бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 840 Қаулысы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 195-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетудің 2026 - 2028 жылдарға арналған кепілдіктер бағдарламасы бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне жүктелсін.

3. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2025 жылғы 9 қазандағы

№ 840 қаулысымен бекітілген

 

 

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетудің 2026 - 2028 жылдарға арналған кепілдіктер бағдарламасы

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетудің 2026 - 2028 жылдарға арналған кепілдіктер бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 195-бабының екінші бөлігіне, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң), денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.