Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығы
(2019.28.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017.14.07. № 470 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабы 5-тармағына сәйкес бұйырамын:
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017.14.07. № 470 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.