Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы № 1-Е есептің нысанын және оны құрастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 1 қазандағы № 102 бұйрығы
(2022.29.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 27 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Бас Прокурорының 2021.04.11. № 145 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Бас Прокурорының 2022.29.03. № 62 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Бас Прокурорының 2017.26.09. № 108 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2020.15.06. № 76 бұйрығымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Бас Прокурорының 2021.04.11. № 145 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е есептің нысаны;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е есепті қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) «Тергеу органдарының жұмысы туралы, оның ішінде қылмыстық істерді тергеу және анықтау қызметі берілген арнайы прокурорлардың» № 1-Е статистикалық есебін» және оны құрастыру Нұсқаулығын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 2 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6015 санымен тіркелген);