Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 Қаулысы
(2024.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
ҚР Үкіметінің 2024.24.01. № 29 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 6 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 20-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.