«Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі және шет елдегі дипломатиялық қызмет органдарына бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығарудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 483 Қаулысы

Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі және шет елдегі дипломатиялық қызмет органдарына бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығарудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 483 Қаулысы

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 93-бабының 2-тармағына және 94-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі және шет елдегі дипломатиялық қызмет органдарына бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікке қатысты сатушы болып айқындалсын.

2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі және шет елдегі дипломатиялық қызмет органдарына бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару қағидалары бекітілсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2025 жылғы 27 маусымдағы

№ 483 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі және шет елдегі дипломатиялық қызмет органдарына бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару

қағидалары


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі және шет елдегі дипломатиялық қызмет органдарына бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 94-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 214-24) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі және шет елдегі дипломатиялық қызмет органдарына бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті (бұдан әрі - жекешелендіру объектісі) болу елінің заңнамасын ескере отырып, аукцион мен тендер нысанында сауда-саттықта иеліктен шығару тәртібін реттейді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.