Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясатының кейбір мәселелері туралы
(2016.10.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 12 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссия туралы ереже;
2) Комиссия құрамы бекітілсін.
3. «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж.. № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 39, 472-құжат; № 41, 518-құжат; № 48, 646-құжат; № 51, 685-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың тізбесінде:
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
мына абзац:
«*Бас прокуратураның, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының), Ішкі істер министрлігінің құзыретіне - тылды қамтамасыз ету қаржы-экономикалық қамтамасыз ету, тіл саясаты және ақпарат, құжаттамалық қамтамасыз ету және оның айналымы, мемлекеттік құпиялар мәселелері кіретін орталық аппараты департаменттерінің бастықтарын қоспағанда»
мынадай редакцияда жазылсын:
«*лауазымға тағайындауды келісу Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның шешімімен жүзеге асырылады»;
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакциядағы үшінші және төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайтын мемлекеттік саяси қызметшілерді және өзге лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындау жөніндегі материалдар Комиссияның жұмыс органына жіберіледі.
Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген лауазымды тұлғаларға қатысты материалдарды қарау тәртібі Комиссия туралы ережеде айқындалады.».
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2013 жылғы сәуірдің 3-і.
№ 537
Президентінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 537 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы
кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) құқықтық мәртебесін және өкілеттіктерін айқындайды.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен осы Ережені басшылыққа алады.
3. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген құқық қорғау органындағы лауазымдарға орналасуға үміткер адамдарды тағайындау туралы ұсынымдарды қарау және Қазақстан Республикасының Президентіне немесе мемлекеттік органдардың (ведомстволардың) бірінші басшыларына ұсыныстар дайындау;
2) Құқық қорғау органдары басшыларының президенттік резервін жасақтау болып табылады.
4. Комиссия «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде көзделген құқық қорғау органдарындағы лауазымдарға орналасуға үміткер адамдарды тағайындау туралы мәселелерді қарайды.
5. Лауазымдарға орналасуға үміткер адамдарды тағайындауды келісу рәсімін өткізу, сондай-ақ Құқық қорғау органдары басшыларының президенттік резервіне қосу үшін Комиссияның жұмыс органына мынадай материалдар жіберіледі:
1) кандидаттың іскерлік және жеке қабілеттері көрсетілген тиісті мемлекеттік органның (ведомствоның) бірінші басшысының ұсынымы;
2) кандидаттың фотосуреті бар анықтама парағы (қызметтік тізім);
3) міндетті арнайы тексерістен өткені туралы мәліметтер.
6. Өзінің негізгі міндеттерін шешу мақсатында Комиссия:
1) Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
2) Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін шақыруға және тыңдауға;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асыруга құқылы.
7. Комиссия құрамына Комиссияның төрағасы, оның орынбасары, Комиссия хатшысы және мүшелері кіреді.
1) Комиссия қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) Комиссия отырыстарын өткізу орны мен уақытын белгілейді;
3) Комиссия отырыстарында төрағалық етеді;
4) өз өкілеттіктерін атқаруды Комиссия төрағасының орынбасарына жүктеуге құқылы;
5) Комиссияның мүшелеріне орындау үшін міндетті тапсырмалар береді.
9. Комиссия мүшелері оның жұмыс кестесі мен отырысының күн тәртібі бойынша Комиссия төрағасына ұсыныстар енгізуге құқылы.
10. Егер Комиссияның тізімдік құрамының кемінде үштен екі бөлігі қатысса, оның отырысы заңды деп саналады.
11. Комиссия отырыстары, әдетте, тоқсанына бір рет өткізіледі.
12. Осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген адамдарға қатысты кадр мәселелерін Комиссия, әдетте, олардың жеке қатысуынсыз қарайды.
13. Комиссия шешімдері отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
14. Комиссия шешімдері әрбір адамға қатысты жеке қабылданады.
15. Лауазымға тағайындауға арналған ұсынымдарды қарау туралы отырыстың нәтижелері бойынша Комиссия мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) ұсынылған лауазымға тағайындауға ұсынылсын;
2) ұсынылған лауазымға тағайындауға ұсыным беруден бас тартылсын.
16. Құқық қорғау органдары басшыларының президенттік резервіне алуға арналған ұсынуларды қарау туралы отырыстың нәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) Президенттік резервке алынсын;
2) Президенттік резервке алудан бас тартылсын.
17. Комиссияның шешімдері оның төрағасы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
18. Құқық қорғау органдары басшыларының президенттік резервін жасақтаудың осы Ережеде реттелмеген мәселелері Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен регламенттеледі.
19. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
ҚР Президентінің 2014.29.08. № 900 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2016.08.02. № 191 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2016.10.10. № 357 Жарлығымен (бұр.ред.қара) құрамы өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 537 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Презндентінің жанындағы Қазақстан
Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты
мәселелері жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (мемлекеттің құқықтық жүйесін жетілдіруді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіруші)
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы
Қазақстан Республикасының Бас прокуроры
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі, хатшы