Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы
(2026.24.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025.14.08. № 321 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 2 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 76) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өрт қауіпсіздігі қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.