«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 24 қаңтардағы № 65 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 24 қаңтардағы № 65 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер және толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

2) Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

ішкі істер министрі

2024 жылғы 24 қаңтардағы

№ 65 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының

тізімі

 

1. «Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 232 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7030 болып тіркелді):

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының қызметін ұйымдастыру ережесінің:

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Арнайы қабылдау орындарының қызметі тоқсанға құрастырылатын және полиция органы бастығының жетекшілік ететін орынбасары бекітетін жоспар бойынша құрылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.