Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылға арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 4 наурыздағы № 112 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылға арналған стипендиясын Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) арасында бөлу бекітілсін.
2. ЖЖОКБҰ ректорлары Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын студенттер мен магистранттарға ғылыми кеңестің шешімі негізінде тағайындасын.
3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберін.
4. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Экономика және қаржы департаменті көрсетілген стипендияны 1 қаңтардан бастап тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттар шегінде төлеуді жүзеге асырсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Ғылым және жоғары
білім министрінің
2026 жылғы 4 наурыздағы
№ 112 бұйрығына
қосымша