Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 Қаулысы
(2010.02.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiнiң орнауы құрметiне қаулы етемiн:
ҚР Президентінің 05.07.04 ж. № 1399; 2005.21.04. № 1558; 2010.02.08. № 1032 (бұр.ред.қара) Жарлықтарымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясы тағайындалсын.
Осы аталған стипендия Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң неғұрлым дарынды - 8 магистрантына, жоғары оқу орындарының 1080 студентiне берiлетiн болсын.
ҚР Президентінің 2010.02.08. № 1032 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)