(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН ...

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 945 Қаулысы

(2024.29.02. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2026 жылғы 11 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) бекітілсін.

2. Тұжырымдаманың орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар:

1) Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі қажетті шаралар қабылдасын;

2) есепті жылдан кейінгі 15 сәуірден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі есепті жылдан кейінгі 1 мамырдан кешіктірмей мемлекеттік және стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Ә. Смайылов

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2022 жылғы 24 қарашадағы

№ 945 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі

 тұжырымдамасы

 

 

1-бөлім. Паспорт

2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау

3-бөлім. Халықаралық тәжірибеге шолу

4-бөлім. Денсаулық сақтау саласын дамыту пайымы

5-бөлім. Негізгі денсаулық сақтау қағидаттары мен cаланы дамытудың тәсілдері

6-бөлім. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер

7-бөлім. Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары

 

 

 

1-бөлім. Паспорт

 

Атауы

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.