«2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Ұлытау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 95 шешімі (2024.06.12. берілген өзгерістермен)

2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Ұлытау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 95 шешімі

(2024.06.12. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Ұлытау облыстық мәслихатының 2024.27.02. № 108 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2024.10.05. № 126 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 144 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2024.31.07. № 151 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2024.12.11. № 192 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2024.06.12. № 208 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 133 772 165 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 46 244 413 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 2 078 414 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

трансферттердің түсімдері - 85 449 338 мың теңге;

2) шығындар - 136 935 545 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 13 013 918 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 15 464 202 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 2 450 284 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -16 177 298 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 16 177 298 мың теңге:

қарыздар түсімі - 14 664 202 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 2 473 231 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 3 986 327 мың теңге.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.